13.11.2026, 15:20

Ақтөбедегі жарылыстан зардап шеккен екі адамның жағдайы белгілі болды

Фото: Pixabay

Олар № 1 қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізілді.

Бүгін Ақтөбеде тұрғын үйдің бірінші қабатындағы кафеде жарылыс болып, салдарынан екі адам зардап шекті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккендердің жағдайына қатысты мәлімет таратты.

№ 1 қалалық көпсалалы ауруханасының бас дәрігері Қадырбек Иманбаевтың сөзінше, 2026 жылғы 13 қарашада сағат 10:28–де қоғамдық тамақтану нысанында орын алған оқиғаға байланысты жедел медициналық жәрдем қызметіне шақырту түсті.

— Бір минут ішінде оқиға орнына жедел жәрдемнің екі бригадасы жетті. Оқиға салдарынан екі адам зардап шегіп, № 1 қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккендердің жағдайы тұрақты, өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ. Қазіргі уақытта оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр, — деді Қадырбек Иманбаев.