13.11.2026, 16:00

Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Салтанатқа Қуандық туралы неге ескертпегенін мәлімдеді

Коллаж Tengrinews.kz

"Қуандықпен жұмсақ болудың қажеті жоқ".

Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман неліктен Салтанат Нүкеноваға оның мінезі туралы алдын ала ескерту жасамағанын түсіндірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Оның сөзінше, бұрынғы күйеуінің екінші әйеліне барып, оны жамандау әдепсіздік болар еді. 

Назым Қаһарман Салтанат Нүкенованы жеке танымайтынын және Қуандық Бишімбаевпен ажырасқаннан кейін оның жаңа отбасына араласуды жөн көрмегенін айтты. Сондықтан Салтанатқа барып, бұрынғы күйеуі туралы жағымсыз пікір айту оған қисынсыз көрінген.

«Салтанатқа барып, оны жамандауды қажетсіз нәрсе деп санадым. Мұны қисынсыз әрі әдептілікке жат әрекет деп ойладым», – деді ол.

Алайда Қуандық Бишімбаев пен Салтанат Нүкенованың үйленетіні белгілі болғанда, Назым жақын туыстарының бірі арқылы болашақ қалыңдыққа үш ескерту жеткізуге тырысқан. Бірақ бұл сөздердің Салтанаттың өзіне жеткен-жетпегенін білмейтінін айтты.

Назымның пікірінше, Салтанатқа Қуандықпен қарым-қатынаста жұмсақтық танытпай, өз ұстанымын берік қорғау маңызды болған.

«Қуандықпен жұмсақ болудың қажеті жоқ. Ол мейірімділікті әлсіздік деп қабылдайтын адам. Салтанатқа өзінің ғана емес, отбасының да шекарасын қорғай алатын күш керек еді», – деді Назым Қаһарман.