$ 444.3 € 490.91 ₽ 5.41

Сирек кездесетін жағдай: Таразда бір күнде төрт егіз сәби дүниеге келді

"Бұл - ата-аналар үшін шексіз бақыт".

Фото: Денсаулық сақтау министрлігі
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Тараз қалалық көпбейінді ауруханасы және консультативтік-диагностикалық орталығының босану блогында ерекше қуанышты оқиға тіркелді. Бір күнде төрт ана егіз босанып, сегіз сәби өмірге келді,

Ведомство мәліметінше, төрт отбасына бір мезетте қос қуаныш сыйлаған бұл жағдай медицина ұжымы үшін де есте қаларлық сәт болған. Ана мен баланың амандығын қамтамасыз ету жолында акушер-гинекологтер, неонатологтер, акушерлер, анестезиолог-реаниматологтер мен мейіргерлер жоғары кәсібилік пен жауапкершілік танытты.

"Төрт егіз жұптың бір күнде дүниеге келуі - сирек кездесетін ерекше оқиға. Бұл - ата-аналар үшін шексіз бақыт, ал медицина мамандары үшін еңбектерінің жемісін көрген сәт.

Жаңа туған нәрестелердің бауы берік, ғұмыры ұзақ болсын. Аналардың денсаулығы мықты болсын!", - делінген министрлік хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0