$ 444.3 € 490.91 ₽ 5.41

Теміртауда автобус апатқа ұшырап, жүргізушісі қаза тапты (ВИДЕО)

Yutong маркалы көліктің 64 жастағы жүргізушісі рөлде келе жатып, кенеттен есінен танып қалған.

Фото: видеодан кадр
Фото: видеодан кадр

Қарағанды облысының Теміртау қаласында жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Yutong маркалы көліктің 64 жастағы жүргізушісі рөлде келе жатып, кенеттен есінен танып қалған. Салдарынан автобус басқарудан шығып, жол жиегіндегі ағашқа соғылған. Жүргізуші оқиға орнында көз жұмды.

Жол-көлік оқиғасы 14 қараша күні сағат 10:30 шамасында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізушінің денсаулығы кенеттен нашарлап, көлікті басқара алмай қалған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0