$ 444.3 € 490.91 ₽ 5.41

Бүгін – Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевтің туған күні (ВИДЕО)

1983 жылы Қарағанды облысында туған.

Бүгін-Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиевтің туған күні, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

1983 жылы Қарағанды облысында туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің дене шынықтыру және спорт, экономика факультеттерін бітірген.

2002-2004 жылдары ҚР Қарулы күштер қатарында әскери борышын өтеген. 2003-2009 жылдары Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінде дене шынықтыру оқытушысы және құқықтану мамандықтары бойынша білім алған. 2011-2014 жылдары тау-кен істерінің бакалавры мамандығы бойынша ҚарМТУ-ін бітірген. 2014-2016 жылдары Қазақ спорт және туризм академиясының академиялық педагогика ғылымының магистрі дәрежесін алды. 2014 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша спорт менеджері мамандығын алды. 2004-2014 жылдары келісімшарт бойынша мерзімінен тыс әскери қызметте болды. 2010-2012 жылдары «Қазақстанның бокс федерациясы» ҚН ЗТБ-ның жаттықтырушы-оқытушысы, 2013-2014 жылдары «Қазақстанның бокс федерациясы» ҚН ЗТБ-ның спорт жөніндегі директоры, 2005-2013 жылдары бокс жөніндегі ҚР ұлттық командасының нұсқаушы-спортшысы, 2014-2017 жылдары «Astana Arlans» ЖШС бас директоры, 2017-2019 жылдары VI сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі болды. 2019-2021 жылдары ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы қызметін атқарды. ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің Паралимпиада спортын дамыту жөніндегі вице-президенті болды.

Серик Сапиев - олимпийский чемпион по боксу, Адильбек Ниязымбетов -  серебряный призёр Олимпиады 2012

2025 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі қызметінде.

«Парасат», «Отан» ордендерімен, «Астананың 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» медальдарымен марапатталған.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0