16.11.2026, 09:40

Колумбияда автобус аударылып, сегіз адам қаза тапты

Фото: infobae

Тағы 20 адам жарақат алды.

Колумбияның оңтүстік-батысында жолаушылар автобусы аударылып, сегіз адам қаза тапты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Тағы 20 адам жарақат алды. Бұл туралы Синьхуа агенттігі жазды.

Жол апаты №45 ұлттық тасжолда болған. Автобус Флоренсия қаласынан ел астанасы Боготаға қарай бағыт алған.

Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқандар арасында екі бала бар. Қазір билік құрбандардың нақты санын анықтап, көз жұмған адамдардың жеке басын сәйкестендіріп жатыр.

Оқиға орнына жол полициясының қызметкерлері, өрт сөндірушілер және тасжолға қызмет көрсететін компанияның мамандары жеткен. Олар құтқару және шұғыл көмек көрсету жұмыстарын үйлестірді.

Жарақат алғандар жақын маңдағы Нейва қаласының ауруханаларына жеткізілді.

Қазір билік жол апатының себептерін тергеп жатыр. Алдын ала болжам бойынша, жүргізуші рөлде отырып, қысқа уақытқа ұйықтап кеткен болуы мүмкін. Соның салдарынан автобус тізгінге бағынбай, аударылған.