$ 444.3 € 490.91 ₽ 5.41

Ақтөбеде бетперде киген белгісіз біреу үйге шабуыл жасап, бір адамды атып кеткен

Фото: Бейнежазбадан
Фото: Бейнежазбадан

Ақтөбе қаласында атыс қаруынан жарақат алған 49 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, бетперде киген белгісіз адам жеке тұрғын үйге шабуыл жасап, ақша, бағалы заттар мен автокөлікті алып кеткен, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оқиға 16 қарашада болған.

Қаза тапқан азамат 1977 жылы туған.

Алдын ала деректерге сәйкес, белгісіз адам бетперде киіп, жеке тұрғын үйге шабуыл жасаған. Ол ақша мен бағалы заттарды, сондай-ақ автокөлікті иемденіп, оқиға орнынан бой тасалаған.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігімен қылмыстық іс тіркелді.

– Атыс қаруынан жарақат алған ер адамның мәйітінің табылу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдіктіні анықтау және ұстауға бағытталған қажетті тергеу және жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Жалған әрі шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты таратпауларыңызды және тек ресми ақпарат көздеріне сенулеріңізді сұраймыз, – делінген полиция хабарламасында.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары күдіктінің жеке басын анықтап, оны ұстау бағытында жұмыс жүргізіп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0