16.11.2026, 14:30

Ақтөбеде тұрғындар су кешіп жүр: Балалар мектепке жету үшін ми батпақпен жүруге мәжбүр

Фото: видео скриншот

Ақтөбе облысының Ақтөбе қаласындағы Батыс-2 шағынауданының тұрғындары жолдың жоқтығына шағымданды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Олардың айтуынша, №18А, 19А, 5Е және басқа да көпқабатты үйлердің маңында асфальт та, жаяу жүргіншілер жолы да жоқ. Жаңбыр жауса, айнала ми батпаққа айналып, балалардың үйіне жетуі мұң болады. Ал балалы арбамен серуенге шығу тіпті қиын, өйткені асфальт төселген жерге жеткенше аяқкиім де, арбаның дөңгелегі де балшыққа батады. Тұрғындар бұл үйлерде халықтың көптен бері тұрып жатқанын, алайда жол мәселесі әлі шешілмегенін айтып отыр. Сонда Ақтөбе қаласының әкімдігі көпқабатты үйлердің маңындағы қарапайым жаяу жүргіншілер жолын қашан ретке келтіреді?