16.11.2026, 15:00

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің Аппаратында ауыс-түйіс жасады

Фото: Ақорда

Бұл туралы Ақорда жазды. 

Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Ақпараттық қауіпсіздік бөліміне жаңа меңгерушіні тағайындады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Ақорда жазды.

«Мемлекет басшысының өкімімен Бауыржан Болатұлы Шәлекенов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды», - деп хабарлайды Ақорда.

Айта кетейік, бүгін президент Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бастығын ауыстырған еді.