16.11.2026, 16:50

Жаз бойы жөнделген тротуар бір маусымға жетпеді: Алматыда жаңа төселген тас опырылып жатыр

Фото: @january_julia

Тұрғындардың сөзінше, бірнеше ай бойы төселген жаңа тас көп ұзамай орнынан қозғалып, кей тұстары опырылып кеткен.

Алматы қаласының Бостандық ауданындағы Ғабдуллин көшесінде жаз бойы жөнделген жаяу жүргіншілер жолы қайта бұзыла бастаған.

Тұрғындардың сөзінше, бірнеше ай бойы төселген жаңа тас көп ұзамай орнынан қозғалып, кей тұстары опырылып кеткен. Желіде жарияланған суреттерден тротуардың ойылып, көру қабілеті нашар адамдарға арналған бедерлі жолақтардың да бүлінгенін көруге болады.

Мұндай жол әсіресе балаларға, қарттарға және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қауіп төндіреді. Қала мен Бостандық ауданы әкімдіктері жөндеу жұмыстарының сапасын қалай бақылаған және кемшіліктерді кімнің есебінен түзетпек?

Жаз бойы жүргізілген жұмыстың нәтижесі осы болса, Алматы әкімдігінен мердігердің жұмысын тексеріп, бүлінген жолды қалпына келтіруді талап ету орынды.