16.11.2026, 16:25

Семейде көше көлге айналды: Герцен көшесінің тұрғындары батпақ кешіп жүр

Фото: @sholpan.muldagalieva

Жарияланған суреттерден көшенің кей тұстарын су тұтас жауып жатқанын, ал жолдың әбден тозғанын көруге болады.

Абай облысының Семей қаласында тұрғындар жол азабын тартып отыр. Герцен көшесіндегі №122, 124, 126 және 128-үйлердің маңын су басып, жолдың ой-шұңқыры көлшікке толған.

Жарияланған суреттерден көшенің кей тұстарын су тұтас жауып жатқанын, ал жолдың әбден тозғанын көруге болады.

Жергілікті тұрғындар күн сайын осындай жолмен жүруге мәжбүр екенін айтып, әлеуметтік желіде мәселе көтерді. Қала әкімдігі жолдың жай-күйін қашан ретке келтіреді және тұрғындар қашанға дейін батпақ кешіп жүруі керек? Семей әкімдігі көшедегі суды ағызу және жолды жөндеу мәселесіне нақты жауап беруі тиіс.