16.11.2026, 20:30

Жан-Клод Ван Дамм Қазақстанда фильм түсіруі мүмкін

Фото: Газета.ру

Бұл туралы Dala Edge Creative Tech Park компаниясының басшысы Мақсат Кикимов мәдениет министрімен кездесуі кезінде мәлімдеді.

Голливуд жұлдызы Жан-Клод Ван Дамм Қазақстанға келіп, отандық фильмдердің біріне түсуі мүмкін, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Бұл туралы Dala Edge Creative Tech Park компаниясының басшысы Мақсат Кикимов мәдениет министрімен кездесуі кезінде мәлімдеді.

Оның сөзінше, қазіргі уақытта әйгілі актерді Қазақстандағы кино түсіріліміне шақыру бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр.

«Фильм түсіріліміне бізге Жан-Клод Ван Дамм келуі мүмкін. Қазір келіссөздер жүргізіп жатырмыз», – деді Мақсат Кикимов.

Айта кетейік, әзірге актердің Қазақстанға келетіні және түсірілімге қатысатыны жөнінде нақты келісім жасалған жоқ.