$ 444.3 € 490.91 ₽ 5.41

Алматыдағы Пресняковтың концертінде әйел орамалын шешіп, әншіні сүймек болған (ВИДЕО)

Бұл сәт әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. 

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Алматыда ресейлік әнші Владимир Пресняковтың концерті кезінде көрермендердің бірі сахнаға шығып, тосын әрекетімен көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Орамал таққан әйел әншіні құшақтап, сүймек болған. Артынша басындағы орамалын шешіп, сахнада билеген. Бұл сәт әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. 

Оқиға 14 қарашада өткен концертте болған. Желіде тараған видеодан әйелдің сахнаға көтеріліп, Пресняковтың жанында билегенін көруге болады. Ол әншіге жақындап, алдымен құшақтауға, кейін сүйуге әрекет жасаған. Би үстінде басындағы орамалын да шешіп тастаған.

Көрерменнің бұл әрекеті желі қолданушыларының арасында түрлі пікір туғызды. Бірі әйелді сынап, орамал таққан адамға мұндай қылық жараспайтынын жазды. Енді бірі оның сүйікті әншісімен жүздескендегі қуанышын түсіністікпен қабылдап, қолдау білдірді. Сондай-ақ көпшілік Пресняковтың жанкүйеріне дөрекілік танытпай, жылы қарым-қатынас көрсеткенін атап өтті.

Желі қолданушыларының арасында:

«Әйел жарады!», «Владимир маған қатты ұнайды. Өте ақкөңіл, мейірімді әнші», «Бұл әйел үшін қуанып отырмын. Арманын орындады», – деген пікірлер жазылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0