$ 448.72 € 493.86 ₽ 5.49

ҚазҰУ-де тағы бір сұмдық: студент қыз өзіне жарақат салған

Айта кетейік, қараша айының басынан бері ҚазҰУ-да екі студент қайтыс болды. 

Фото: UGC
Фото: UGC

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде тағы бір оқыс оқиға тіркелді. Оқу орнының студент қызы өзіне дене жарақатын салған. Аталған жағдайға байланысты полиция сотқа дейінгі тергеу бастаған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі де бұл деректі растады.

«Алдын ала мәлімет бойынша, оқу орындарының бірінде студент қыздың өзіне жеңіл дене жарақатын салу фактісі тіркелді. Оған медициналық көмек көрсетілді», – деп хабарлады полиция.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Ал заңгер Мейірман Шекеевтің айтуынша, қыз өзіне қол жұмсамақ болған.

Айта кетейік, қараша айының басынан бері ҚазҰУ-да екі студент қайтыс болды.

6 қарашада журналистика факультетінің бірінші курс студенті көз жұмған еді. Ал 16 қарашада университет география және табиғатты пайдалану факультетінің бірінші курс студентінің қайтыс болғанын растады. Полиция бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғап, күдіктіні ұстады.

Студенттердің өліміне қатысты оқиғалардан кейін Ғылым және жоғары білім министрлігі университетте кешенді тексеру жүргізетінін мәлімдеген болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 6