Ескерткішті қорлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Таразда әлдекімдер Ұлы Отан соғысы кезінде қаза тапқан 72 белгісіз жауынгер жерленген орындағы ескерткіш тақтаны қиратып кеткен,
Жамбыл облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бұл жайтқа қатысты ескерткішті қорлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Қазіргі уақытта құқық бұзушыларды анықтап, ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.
"Құқық бұзушылар заң талаптарына сәйкес қатаң жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз", - деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.