Миллиардтаған қаржы айналатын мұнайлы өңірдің орталығында көше тазалау ісі қашан заманауи талапқа сай жүргізіледі?
Атырау облысының орталығы Атырау қаласында көшені тазалау жұмыстары тұрғындардың сынына ұшырады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Әлеуметтік желіде тараған видеодан жұмысшылардың жол жиегіндегі топырақ пен қоқысты күрекпен жинап, жүк көлігіне тиеп жатқанын көруге болады.
Видео авторы мұнайлы өңірде көше тазалауға әлі күнге дейін күрек, сыпырғыш пен шелек қолданылатынына наразылық білдірген.
Оның пікірінше, мұндай жұмысты арнайы техниканың көмегімен әлдеқайда тиімді атқаруға болады.
Қала тазалығына жауапты Атырау қаласының әкімдігі мен коммуналдық мекемелердің жұмысты ұйымдастыру тәсілі сұрақ туғызады.
Миллиардтаған қаржы айналатын мұнайлы өңірдің орталығында көше тазалау ісі қашан заманауи талапқа сай жүргізіледі?
Видео: @sayatoleuov