$ 448.72 € 493.86 ₽ 5.49

«Жер қадірін білмейтін, пайда табудың жолы ретінде қарастыратын адамдар қажет емес» - Тоқаев

"Аграрлық сектор – мемлекетіміздің жаһандық бәсекеге қабілеттілігіне ықпал ететін негізгі факторлардың бірі". 

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет туған өлкесінің дамуына үлес қосып, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға ұмтылатын адал фермерлер мен жауапты шаруаларды әрдайым қолдайды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Дегенмен ауыл шаруашылығынан табыс тапса да, өзі үлкен қалада немесе шетелде тұратын кәсіпкерлер аз емес. Олар шаруашылықтарына ат ізін салмайды, әлеуметтік жауапкершілікті сезіне бермейді, ауыл тұрғындарының жағдайына алаңдап, олардың мұң-мұқтажына назар аудармайды.

Осы тұста орынды сұрақ туындайды: жердің қадірін білмейтін, ауыл халқынан алшақ жүретін, аграрлық саланы тек табыс көзі деп қарайтын кәсіпкерлер бізге керек пе? Менің ойымша, жауап айқын – қажет емес. Сондықтан бұл бағытта заңнамалық тұрғыдан тиісті шаралар қабылдау маңызды.

Ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істейтін әрбір кәсіпкердің басты мақсаты тек пайда табу емес, ауылдағы өмір сапасын жақсартуға да үлес қосу болуы керек.

Аграрлық сектор – еліміздің халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін арттыратын маңызды салалардың бірі. Әсіресе, әлемдегі тұрақсыздық жағдайында оның стратегиялық маңызы бұрынғыдан да арта түсуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0