Өнерпаз әнді Қазақстанның мемлекеттік туы аясында шырқаған.
Қазақстандық желі қолданушыларын Чилиден шыққан Мария есімді әншінің қазақтың халық әні «Әгугай»-ды гитарамен сүйемелдеп, жүрекке жылы тиетін орындауы тәнті етті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өнерпаз әнді Қазақстанның мемлекеттік туы аясында шырқаған.
Қыздың айтуынша, ол Аргентинада дүниеге келген, қазір Чилиде тұрады. Оңтүстік Америкада жүрсе де, қазақ мәдениетіне ерекше ықылас танытып, Қазақстан халқына деген сүйіспеншілігін жасырмайды. Ол қазақ жұртына жылы сәлемін жолдаған.
Шетелдік өнерпаздың әнді шын ықыласпен орындап, қазақтың дәстүрі мен мәдениетіне құрмет көрсетуі әлеуметтік желі қолданушыларының көңілін толқытты. Көпшілік қазақ әнінің өзге елдің өнерпазы орындауында әдемі әрі ерекше естілетінін атап өтті.
@mariargentina_1978 авторлығындағы видео Қазнетте кеңінен тарады. Желі қолданушылары қызға қазақ мәдениетіне деген ықыласы үшін алғыс айтып, жылы лебіздері мен ақ тілектерін жаудырып жатыр.