Бұған дейін елорда тұрғыны автобуста белгісіз ер адамның өзіне тиісіп, денесіне қол тигізгенін айтып, әлеуметтік желіде шағымданған болатын.
Астанада қоғамдық көлікте жолаушы қызға тиісіп, оның денесіне қол жүгірткен 33 жастағы ер адам 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұған дейін елорда тұрғыны автобуста белгісіз ер адамның өзіне тиісіп, денесіне қол тигізгенін айтып, әлеуметтік желіде шағымданған болатын.
Астана қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаға қатысы бар 33 жастағы ер адам ұсталған. Құқық бұзушылық кезінде ол мас күйде болған.
Полиция хабарламасында ер адамның автобуста келе жатып, қыздың бөксесіне қол тигізгені айтылған. Жолаушының ескертуінен кейін ол қоғамдық көліктен түсіп кеткен.
Кейін ер адам ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен оған 10 тәулік әкімшілік қамау жазасы тағайындалды.
Полиция қоғамдық орындарда құқыққа қайшы әрекеттерге жол берілмейтінін ескертті.