$ 455 € 498.77 ₽ 5.56

Түркістанда жігітін өлтіріп, мәйітін өртеген оқушы қыз 8 жылға сотталды

Ал екі тарап та соттан кейін журналистерге пікір білдірмеген.

Фото: Stan.kz
Фото: Stan.kz

Түркістан облысында 20 жастағы жігітті пышақтап өлтіріп, мәйітін өртеп жіберген 15 жастағы оқушы қызға сот үкімі шықты. Тергеу дерегінше, бойжеткен өзінен айырылғысы келмеген жігіттен құтылу үшін осындай қадамға барған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қанды оқиға биыл 25 мамырда Леңгір қаласында болған. Сол күні ескі зауыт маңынан 20 жастағы жігіттің мәйіті табылды. Аталған қылмысқа күдікті ретінде 9-сыныпты аяқтаған 15 жастағы қыз ұсталды.

Тергеу материалдарына сәйкес, жасөспірім өткен жылы басталған қарым-қатынасты тоқтатуға шешім қабылдаған. Алайда жігіт оның бұл шешімімен келіспеген. Осыдан кейін қыз Шымкентте тұратын жігітті алдап, Леңгірге шақырған.

Сот мәліметінше, бойжеткен бір күн бұрын арнайы сатып алған пышақпен жігіттің кеуде тұсына алты рет соққы жасаған. Жүрегі мен өкпесі зақымданған жәбірленуші оқиға орнында көз жұмған.

Кейін қыз құрылыс дүкенінен жанғыш сұйықтық сатып алып, қылмыс орнына қайта оралған. Ол қылмысын жасыру мақсатында жігіттің мәйітін өртеп жіберген. Сараптама нәтижесінде марқұм денесінің шамамен 30 пайызы өртенгені анықталды.

Қылмыстан кейін жасөспірім сыра сатып алып ішкен. Кейін болған жағдайды анасы мен достарына айтып берген.

Сот отырысында бойжеткеннің қорғаушылары оның бұл әрекетке өзін қорғау мақсатында барғанын алға тартқан. Алайда медициналық сараптама жасөспірімнің денесінен зорлық-зомбылық белгілерін анықтамаған. Сот марқұм тарапынан оған күш қолдануға әрекет болмаған деген қорытындыға келген.

Судьяның айтуынша, марқұмның ата-анасы сотталушының жақындарынан кешірім сұрағаннан кейін оларды кешірген. Дегенмен 15 жастағы қыз жасаған ісіне өкініш білдірмеген.

Сот үкімімен кәмелетке толмаған қыз 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот залынан марқұмның анасы көз жасына ерік беріп шыққан. Ал екі тарап та соттан кейін журналистерге пікір білдірмеген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0