$ 455 € 498.77 ₽ 5.56

12 жылға сотталған Жамбыл облысының экс-әкімі түрмеден босатылмайтын болды

Анықталғандай, экc-әкімнің дерті Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен, түрмеден босатуға негіз болатын аурулар тізіміне сәйкес келмейді. 

Фото: әлеуметтік желі
Фото: әлеуметтік желі

Алматы облыстық соты Кәрім Көкірекбаев ауруына байланысты жазасын өтеуден босату туралы қаулының күшін жойды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
 
Анықталғандай, экc-әкімнің дерті Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен, түрмеден босатуға негіз болатын аурулар тізіміне сәйкес келмейді. 
 
Сот экс-әкімді босатуға негізсіз қорытынды берген арнайы медициналық комиссия мүшелерін, сотқа қатысқан прокурорды және ҚАЖК өкілін жауапкершілікке тарту бойынша тиісті ведомстволарға жеке қаулы жолдады. 

Кәрім Көкірекбаев 2022 жылдың желтоқсанында 800 мың доллар пара алды деген күдікпен ұсталған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0