24.11.2026, 10:55

«Қаймағы бұзылмаған»: Желіде Моңғолия қазақтарының өмірі көпшілікті тәнті етті (ВИДЕО)

Фото: видео скриншот

Желіде Моңғолияда тұратын қазақтардың ұлттық салт-дәстүрін сақтап, күнделікті тұрмыс-тіршілігінен қол үзбеген сәті жарияланды. Бейнежазбаны журналист Мадина Махамбетқызы әлеуметтік желідегі парақшасына жүктеген, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Кадрдан бір дастархан басына жиналған қазақтардың ет жеп, бауырсақ пен ұлттық тағамдардан дәм татып отырғанын көруге болады. Қарапайым әрі шынайы көрініс көпшіліктің көңілін толқытып, жылы пікірлерге себеп болды.

Желі қолданушылары Моңғолия қазақтарының ұлттық болмысын сақтап қалғанына сүйсініп, өздерінің балалық шағы мен ауылдағы өмірін еске алды.

«Қаймағы бұзылмаған қазақтар!»

«Пах-пах, дәмді бауырсақ пен бесбармақ! Ай, шіркін-ай, бақыт деген осы!»

«Қара шаңырақты еске салды».

«Осыдан 30 шақты жыл бұрын біздің ауылдағы өміріміз, дастарханымыз, тіпті түр-түсіміз де дәл осындай еді. Әттең, ол күндер келмеске кетті…» – деп жазды олар.