Жасөспірімнің зияткерлік көрсеткіші елді шулатып жатыр. Оның көрсеткіші 1600 баллды құраған.
Қарағандылық 17 жастағы оқушы білімге деген ынтасы мен жоғары зияткерлік қабілетінің арқасында үлкен жетістікке жетті. Ол Назарбаев зияткерлік мектебіне (НЗМ) өз бетінше дайындалып, оқуға қабылданған. Кейін Master Education білім беру орталығының NIS Alumni бағдарламасы бойынша оқу грантын жеңіп алды, деп хабарлайды Sn.kz порталы.
Жасөспірімнің зияткерлік көрсеткіші елді шулатып жатыр. Оның көрсеткіші 1600 баллды құраған. Бұл көрсеткіш Билл Гейтске қатысты айтылатын балдан да жоғары. Оқушының осындай нәтижеге жетуіне жүйелі дайындық пен сапалы білімнің ықпалы зор. Ол Master Education орталығында білікті ұстаздардан тегін дәріс алып, бірегей оқыту әдістемесі мен арнайы білім беру платформасын пайдаланған. Соның арқасында білімін тереңдетіп, академиялық әлеуетін дамытуға мүмкіндік алған.
Айта кетейік, Master Education білім беру орталығы шетелдік жоғары оқу орындарына түсуге талапкерлерді дайындаумен айналысады. Орталықтың 5 мыңнан астам шәкірті әлемнің жетекші университеттеріне оқуға түскен