25.11.2026, 05:30

«Мен ондай кісіні танымаймын»: Мөлдір Мұқанова Тұрсынбек Қабатов туралы сұраққа жауап беруден бас тартты

Фото: Видеодан алынған кадр

Журналистердің әзілкеш туралы сауалына Мөлдір Мұқанова «Мен ондай кісіні танымаймын» деп жауап берген.

Мөлдір Мұқан өзінің жаңалықтарымен бөлісіп, бұрынғы күйеуі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Журналистердің әзілкеш туралы сауалына Мөлдір Мұқанова «Мен ондай кісіні танымаймын» деп жауап берген.

"Не жаңалық айтайын мен? Жаңалықтың бәрін әлеуметтік желі шығарып беріп жатыр емес пе. Сол жаңа әндер жазып жатырмын. Негізі кино түсіргім келеді, жақсы сценарий іздеп жүрмін, идея бар бірақ кіріскен жоқпын. Екінші қызым өнерге бет бұрды. Айымға продюсермін. Қолдауға дайынмын. Ал Тұрсынбек деген кісіні танымаймын. Маған ол тақырып мүлде қызық емес. Ешкімге ештеңе дәледегім келмейді. Ән айту өзімнің арманым, гештальт десем де болады. Әндерім хит, өзім жұлдыз болайын демеймін, жай жан қалауыммен айтамын. Тұрсынбек туралы бір рет сұхбатымда айттым, сол жетті деп ойлаймын. Енді ол туралы айтқым келмейді. Өтірік бәрі жақсы деп айтудан шаршап бәрі тоятындай сұхбат бергенмін", деді Мөлдір Мұқан.