Алайда тұрғынның сөзінше, содан бері бірнеше ай өтсе де, мәселе шешілмеген.
Астананың Нұра ауданындағы Е430 көшесінің тұрғындары жол мәселесіне шағымданып, әкімдіктің жұмысына наразылық білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Желі қолданушысының айтуынша, бұл мәселе көктемде көтеріліп, аудан әкімі Ришат Тұрдыбеков жол салуға уәде берген.
Алайда тұрғынның сөзінше, содан бері бірнеше ай өтсе де, мәселе шешілмеген.
Жарияланған суреттерден көшенің батпаққа айналғанын, жаяу жүргіншілерге қолайлы жағдай жасалмағанын көруге болады.
Тұрғын небәрі 500 метр жолды жөндеуге ауданның бюджеті жетпей ме деген сауал қойып, әкімдік өкілдерінен жауап талап етті.
Қала орталығындағы осындай шағын жол учаскесін жөндеу айларға созылса, аудан әкімдігінің жұмысы қаншалықты нәтижелі деген сұрақ туындайды. Дереккөз: @zhandosova13