25.11.2026, 17:00

«45 студент сабаққа қатыспаған»: Қостанайда колледж директоры қызметінен қуылды

Фото: Pixabay

Олар сабаққа мүлде қатыспаған. 

Қарабалық ауданының прокуратурасы Қазақстан агротехникалық колледжінде тексеру жүргізіп, 45 студенттің оқу орнында тек құжат жүзінде тіркелгенін анықтады. Олар сабаққа мүлде қатыспаған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Прокуратура анықтағандай, 45 студенттің колледжде оқитыны құжаттарда көрсетілгенімен, олар оқу сабақтарына ешқашан қатыспаған. Соның салдарынан бюджет қаражаты негізсіз жұмсалған.

"Тексеру барысында тағы бірқатар заңбұзушылық анықталды. Атап айтқанда, колледжде бес жыл бойы көлік құралдары есептен шығарылмаған. Сонымен қатар 65 студент тұратын жатақхананың техникалық жағдайы да талаптарға сай емес екені белгілі болды", – делінген хабарламада. 

Тексеру қорытындысы бойынша сабаққа қатыспаған 45 студент оқудан шығарылды. Жеті оқытушыға қатысты қатаң тәртіптік шаралар қолданылды, ал колледж директоры қызметінен босатылды.