25.11.2026, 17:20

Астанада салмағы 6 келіден асатын алып бала дүниеге келді

Фото: Видеодан алынған кадр

Туылған кездегі жоғары салмақ баланың болашақ метаболикалық денсаулығына белгілі бір әсер етуі ықтимал.

 Астанада салмағы 6 келіден асатын алып бала дүниеге келді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің "Қалалық перинаталдық орталығы" мәлімдеді. 

Ер бала, салмағы-6140,0гр, бойы-64см. Босану оперативті жолмен, қазіргі таңға жағдайы бірқалыпты, қанағаттанарлық, отадан кейінгі кезеңге сәйкес, ем жоспар бойынша жүргізілуде.

"Біздің қалалық перинаталдық орталықта 2026 жылдың 9 ай ішінде 4000гр салмақтан асқан - 854 нәресте, ал 10 ай ішінде 929 нәресте , соның ішінде  10 айда  5000 г салмақтан асқан – 11нәресте дүниеге келді. Ал  2025 жылы ірі салмақпен 1150 нәресте , соның ішінде  5000 г салмақтан асқан – 20 нәресте дүниеге келді. 

Ірі ұрық – ана мен нәресте үшін акушерлік қауіп факторларының бірі. Ол босану жарақаттарының, босанудан кейінгі қан кетудің, операциялық босандыру қажеттілігінің және неонаталдық асқынулардың ықтималдығын арттыруы мүмкін", - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, туылған кездегі жоғары салмақ баланың болашақ метаболикалық денсаулығына белгілі бір әсер етуі ықтимал.