25.11.2026, 18:20

Қысқы мерекелер кезінде үш қосымша пойыз іске қосылады

Фото: ҚР Көлік министрлігі

Бұл туралы ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Желтоқсан айындағы мерекелер қарсаңында жолаушылар санының артуына байланысты Қазақстанда үш қосымша пойыз қатынай бастайды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Бұл туралы ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ведомствоның хабарлауынша, қосымша пойыздар жолаушылар көп қатынайтын бағыттарда тасымал көлемін арттырып, теміржол қызметінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Қосымша пойыздар үш бағыт бойынша жүреді:

№201/202 «Алматы-2 – Астана-1» бағыты бойынша Алматыдан 2026 жылғы 22 желтоқсан мен 2027 жылғы 10 қаңтар аралығында күнара қатынайды. Ал Астанадан 23 желтоқсаннан 11 қаңтарға дейін жүреді.

№204/203 «Нұрлы жол – Шымкент» пойызы Нұрлы жол станциясынан 2026 жылғы 14 желтоқсаннан 2027 жылғы 10 қаңтарға дейін, ал Шымкенттен 15 желтоқсаннан 11 қаңтарға дейін күнара қатынайды.

№205/206 «Ақтөбе – Астана-1» бағыты бойынша Ақтөбеден 2026 жылғы 22 желтоқсаннан 2027 жылғы 10 қаңтарға дейін, Астанадан 23 желтоқсаннан 11 қаңтарға дейін жүреді.

Қосымша пойыздар купе және плацкарт санатындағы стандартты вагондардан жасақталады.

Жолаушылар билеттерді ҚТЖ-ның ресми сайты арқылы сатып ала алады. Сондай-ақ қосымша ақпаратты 1433 нөмірі арқылы білуге болады.