26.11.2026, 07:30

Қар аралас жаңбыр мен көктайғақ: Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

Фото: ЖИ

Алдағы күндері Қазақстан аумағындағы ауа райына солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер әсер етеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ел аумағының басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын күтіледі.

24 қарашада Қазақстанның солтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысының жекелеген аудандарында қатты жауын-шашын болжанады. Республика бойынша тұман, көктайғақ құбылыстары және желдің күшеюі күтіледі.

Ауа температурасы төмендейді. 28 қарашада күндіз елдің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында ауа температурасы 0,-5°С, оңтүстік-батысында және шығысында 0,+5°С, Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында +5+10°С, таулы аудандарда 0,-5°С болады.