Шақырту сағат 03:44-те түскен.
Алматы қаласының Бостандық ауданында түнде өрт шығып, бес адам көз жұмды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде жеке тұрғын үй отқа оранған.
Шақырту сағат 03:44-те түскен. Құтқарушылар оқиға орнына төрт минуттан кейін жетті. Өртті сөндіруге шамамен бір сағат уақыт кеткен.
Үй ішінен бес адамның мәйіті табылды. Қаза болғандардың арасында кәмелетке толмаған бала бар.
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.