26.11.2026, 10:35

Астанада салынып жатқан нысан өртенді (ВИДЕО)

Фото: Видео скриншот

Ведомствоның мәліметінше, 112 пультіне зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген. 

Астананың Нұра ауданында салынып жатқан нысан аумағында өрт шықты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Қазіргі уақытта Ұлы Дала көшесіндегі оқиға орнында Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері өртті сөндіріп жатыр.

Ведомствоның мәліметінше, 112 пультіне зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде оқиға орнынан түсірілген видео тарады. Кадрлардан нысан аумағынан қою түтін көтерілгенін көруге болады.

Қазіргі уақытта өртті сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Видео: t.me/astanovka98