$ 458.13 € 502.29 ₽ 5.58

Алматыда 5 адам қаза тапқан өртке қатысты күдікті әйел ұсталды

Тергеу нұсқасына сәйкес, әйел жеке бас араздығы салдарынан үйді қасақана өртеген болуы мүмкін.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр

Алматыда полиция жеке тұрғын үйді өртеді деген күдікпен 37 жастағы әйелді ұстады. 26 қарашада болған өрттен бес адам, оның ішінде бір бала қаза тапты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Полиция бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделеп, күдіктінің жүрген бағытын анықтады және оқиғаның қалай болғанын қалпына келтірді.

Тергеу нұсқасына сәйкес, әйел жеке бас араздығы салдарынан үйді қасақана өртеген болуы мүмкін.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0