Алматыдағы Исиналиев көшесінде су ағатын арықтың бір бөлігі ашық қалып, жаяу жүргіншілерге қауіп төндіріп тұр. «Қазақфильм» шағынауданындағы №17 мекенжайға қарама-қарсы орналасқан арықтың темір торы толық жабылмаған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Жергілікті тұрғынның айтуынша, ол бұл мәселені үш жылдан бері көтеріп келеді. Алайда Open Almaty қызметіне жолдаған өтініштерінен нәтиже шықпаған. Тұрғын әсіресе қараңғы уақытта адамдардың ашық арыққа аяғы түсіп, жарақат алуы мүмкін екенін айтып, темір торды дұрыстап орнатуды сұрайды.
Қала әкімдігінің тұрғын қауіпсіздігіне қатысты қарапайым мәселені үш жыл бойы неге шеше алмағаны түсініксіз.
Видео: @ficus_love_story