28.11.2026, 21:30

Коммуналдық төлемнен бөлек ай сайын 13 мың теңге: BI Group тарифті тұрғындармен ақылдаспай бекіткен бе?

Фото: Bi.group

BI Group компаниясының Parkland F тұрғын үй кешеніндегі қызмет көрсету тарифіне тұрғындардың бірі наразылық білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, тұрғын үйді күтіп ұстау ақысы әр шаршы метрге 219 теңге болып белгіленген. Мәселен, ауданы 62 шаршы метр болатын пәтердің иесі ай сайын 13 578 теңге төлеуге тиіс. Бұл сомаға электр энергиясы, су, жылу және өзге де коммуналдық қызметтердің ақысы кірмейді. Тұрғынның сөзінше, тариф пәтер иелерімен талқыланбаған, оны бекіту үшін жалпы жиналыс та өткізілмеген. BI Group компаниясы тарифтің қандай негізде белгіленгенін және неліктен тұрғындардың пікірі ескерілмегенін түсіндіруі қажет.

 

 

Видео: @misszhanna_pm

 

https://www.threads.com/share/BAd1coQYMD