29.11.2026, 11:30

Тойда 17 жастағы жасөспірім кішкентай баланы кеудесінен теуіп жіберген (ВИДЕО)

Коллаж: SN.kz

Оқиға Шу облысының Сокулук ауылында болған.

Қырғызстанда той кезінде баланы кеудесінен теуіп жіберген 17 жастағы жасөспірім жазаланды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оқиға Шу облысының Сокулук ауылында болған.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарап, көпшіліктің наразылығын тудырды. Кейбір қолданушылар бұл жағдай Қазақстанда болған деп болжаған.

Алайда оқиғаның 25 қарашада Қырғызстанда болғаны анықталды. Видеодан екі баланың жас жігіттің тойда өнер көрсетуіне кедергі келтіріп жүргенін көруге болады. Бір сәтте ол балалардың бірін кеудесінен теуіп жіберген.

Оқиғаға қатысушының жеке басы тексеру барысында анықталды. Ол 17 жастағы жасөспірім болып шыққан.

«Осы факті бойынша сотқа дейінгі тексеру жүргізіліп, жігіттің жеке басы анықталды. Ол 17 жастағы Н. Н. болып шықты. Оған қатысты “Ұсақ бұзақылық” туралы 126-бап бойынша хаттама толтырылды. Материалдар Сокулук аудандық сотына жолданып, сот шешімімен оған айыппұл салынды», – делінген хабарламада.