Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы мәлімдеді.
Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттары сайлауында сағат 14:00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың45,46 % дауыс берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. Орталық сайлау комиссиясы хабарлайды: астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған ақпараттарға сәйкес өңірлерде сайлаушылардың дауыс беруі туралы алдын ала деректер: Астана қаласы – 33,27% Абай облысы – 51,82% Ақмола облысы – 49,14% Ақтөбе облысы – 54,17% Алматы облысы – 51,36% Атырау облысы – 46,71% Батыс Қазақстан облысы – 46,12% Жамбыл облысы – 48,05% Жетісу облысы – 58,35% Қарағанды облысы – 44,76% Қостанай облысы – 46,21% Қызылорда облысы – 56,38% Маңғыстау облысы – 47,51% Павлодар облысы – 46,83% Солтүстік Қазақстан облысы – 43,74% Түркістан облысы – 56,91% Ұлытау облысы – 43,63% Шығыс Қазақстан облысы – 54,46% Алматы қаласы – 25,72% Шымкент қаласы – 32,74% Республика бойынша сағат 14:00–де тізімге енгізілген сайлаушылардың 45,46 %дауыс берді.