29.11.2026, 15:50

Freedom Bank бір қарызды екі рет өндіріп алмақ па? Клиент банкке шағымданды

Фото: Freedom bank

Freedom Bank клиенті қайтарып берген кэшбэкті банк қайтадан талап етіп отырғанын айтып, әлеуметтік желіде шағымданды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оның сөзінше, кэшбэк алу ережесін бұзғаны үшін банк шоттары мен мобильді қосымшасы бұғатталған. Клиент талап етілген қаражатты қайтарғанымен, берешегі банк жүйесінен жойылмағанын айтады. Тіпті 28 қарашада оған қатысты нотариустың атқарушылық жазбасы жасалғаны туралы хабарлама келген. Тұрғын төлем түбіртектерін жариялап, бір қарызды неге екі рет өтеуге міндетті екенін сұрады. Freedom Bank клиенттің төлеген қаражаты неге есепке алынбағанын және берешекті қайта өндіріп алуға не себеп болғанын түсіндіруі тиіс.

Тегтер: Банк кредит