$ 494.87  520.65  4.91

Елордада Ата заңымыздың 19 жылдығын мерекелеу аясында мерекелік флешмоб өтеді

Елордалық жастар ҚР Конституция күнін мерекелеуге арналған іс-шараларға белсенді қатысуда, деп хабаралайды Skifnews.kz.

Қала әкімдігінің ресми сайтының хабаралауынша, бүгін кешке Ата заңымыздың 19 жылдығын мерекелеу аясында тағы да бір есте қаларлық шара өткізілмек. «Астана жастары» КММ еріктілері ашық түсті киім киіп, мерекелік флешмобқа өздерінің үлесін қосады.

Барлық қатысушылар бір ырғақпен би билеп, елорда тұрғындары мен қонақтарына керемет көңіл күй сыйлайды, барлығын алдағы мерекемен құттықтайды.

Мерекелік іс-шараға ниет білдіргендердің бәрі де қатыса алады. Флешмоб бүгін сағат 17.00 Астаналық саябақта, ал 29 тамызда Есіл өзенінің жағасында өткізіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары