27.08.2014, 07:00

Павлодарда алты жасар қызды бейтаныс адам зорламақ болды

Сурет: knews.kg

Павлодарда алты жастағы бүлдіршін қыз бейтаныс адамның зорлығына түсе жаздады. Көршінің қызын үйіне күшпен кіргізіп алған азаматтан баланы ата-анасы мен тәртіп сақшылары аман алып шықты, деп хабарлайды 31 арна.

Қазір кішкентай қызды зорламақ болды деген дерекпен қылмыстық іс қозғалды.

«Тұрғындардың айтуынша, азамат жиі ішімдік ішіп, өзгелермен ортақ тіл табысып көрмеген. Ал ойнап жүрген бүлдіршіндерге балмұздақ алып беру туралы ұсынысты азамат көп қабатты тұрғын үйдің ауласында жасаған. Артынша, қыздардың бірін қолынан күшпен сүйреп, кіргізіпті. Қорқып қалған екі бүлдіршін ашулы азаматты аңдып, бірден қыздың ата-анасына айтады. Осыдан соң, қыздың әкесі он қабатты үйдің төбесіне шығып, балкон арқылы кіріп қызды пәтеріне кіргізіп алған жігітті cөзге айналдырған. Осы кезде тәртіп сақшылары есікті сындырып кіріп, баланы құтқарып, жігітті ұстады», делінген телеарна сюжетінде.

—1982 жылы туылған, бұрын сотталмаған күдікті ұсталды. Өзі Алматы облысының тумасы болғанымен, Павлодарда төрт жылдан бері тұрып келген. Іске қатысты қажетті сараптамалар тағайындалды. Енді нәтижесін күтеміз, — деді Павлодар облысының ІІД баспасөз хатшысы Баян Мағзұмова.