Астанада ҚР Конституциясы күніне орай 3192 зейнеткерге (ең төмен зейнетақы мөлшеріне алатындар ішінен) және Ардагерлер кеңесінің тұрақты комиссиясының мүшелеріне материалдық көмек көрсетіледі, деп хабарлайды astana.kz Астана қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Айта кетейік, Конституция күні Қазақстандағы басты мерекелердің бірі. Биыл Ата заңымыздың 19 жылдығы аясында елордада 50 астам іс-шара ұйымдастырылады. Қазіргі кезде қалада түрлі спорттық және ойын-сауық шаралары ұйымдастырлуда.