$ 494.87  520.65  4.91

Каспийде заңсыз балық аулаушылар ұсталды

Шекара қызметінің «Жағалау күзеті» өңірлік басқармасының теңізшілері Каспийде заңсыз балық аулап жүрген еліміздің 5 азаматын ұстады, деп хабарлайды Skifnews.kz.

ҚР Ұлттық қауіпсізідік комитетінің шекара қызметі мәлімдегендей, «Семсер» шекара кемесінің экипажы «Байда» (жасанды жүзу құралы) мініп, мемлекеттік шекараны қалаған жерлерінен кесіп өтіп, балық аулап жүргендерді байқады. Браконьерлер шекарашылардан қашып құтыла алмады.

«Тексере келгенде кішкентай қайықтарына «Ямаха-200» моторын орнатып алып, Каспий теңізін шарлап жүргендер Жанбай ауылының тұрғындары болып шықты. Жеке басын растайтын куәліктері, жүзу құралына берілетін құжаттары болмады», делінген хабарламада.

«Байда» тіркемеге алынды, ұсталғандарға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 330 бабы бойынша қылмыстық іс қозғау көзделіп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары