29.08.2014, 03:10

Қазақстанның басым бөлігінде бүгін күн ашық болады

Сурет: latimes.com

Еліміздің басым бөлігінде бүгін күн ашық болады, елдің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде ғана атмосфералық ағындардың өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, кей жерлерде күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады, жел күшейеді, кейбір аудандарда тұман түсуі күтіледі, деп хабарлайды «Қазгидромет» метео қызметі.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, күндіз Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарында желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді. Қостанай облысында түнде және таңертең тұман түсуі күтіледі, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

«Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Батыс Қазақстан, күндіз Қызылорда облыстарында желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, шаңды дауыл көтеріледі. Күндіз Ақтөбе облысында, Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде күшті ыстық болады. Атырау облысында күн қатты ысып, кей жерлерде аптап ыстық болады», делінген хабарламада.