2014 жылдың 30 тамызында Алматыда ҚР Конституция күніне орайластырылған веложарыс өтеді, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, қатысушылар сағат 07.30-да «Сұңқар» Халықаралық шаңғы трамплиндер кешенінде жиналып, 08.00-де сөре сызығынан асады. Мәре алаңы Орталық стадионда белгіленген.
«30 тамыз 2014 жылы велошерудің өтуіне байланысты, «Сұңқар» Халықаралық шаңғы трамплиндер кешенінен - әл-Фараби даңғылы - Розыбакиев көшесі - Абай даңғылымен Орталық стадионға дейін автокөліктер үшін жол ішінара уақытша жабық болады. Осыған орай, алдын ала бағыттарыңызды жоспарлап алуларыңызды сұраймыз», делінген қала әкімдігінің хабарламасында.