Елордада орталық жылу беру жүйесіне қосылған 2 115 көппәтерлі тұрғын үйдің 97%, яғни 2 047-де 2014-2015 ж.ж. жылу беру маусымына дайындық жұмыстары толық жүргізілген, деп хабарлайды Астана қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметі.
«Жылу беру маусымына дайындық жұмыстарының қала аудандары бойынша орындалуы келесідей: Алматы ауданы бойынша 1030 үйдің 1011-і, яғни 98%; Есіл ауданы бойынша 157 үйдің 134-і, яғни 85%; Сарыарқа ауданы бойынша 928 үйдің 902-сі, яғни 97% жылу беру маусымына дайын», делінген хабарламада.
ПИК және қызмет көрсетуші ұйымдар үйаралық инженерлік желілердегі ақауларды жою, атап айтқанда су құбырларының тесіктерін бітеу, орталық жылу беру жүйесін реттеу, қалыпқа келтіру, тазалау, шатырларды жөндеу, жертөлелерді кептіру және т.б. жұмыстар жүргізуде.
Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың мамыр айында Астана қаласы әкімінің өкімімен қаланың энергокешен, білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналдық қызмет объектілерін 2014-2015 ж.ж. жылу беру маусымына дайындау бойынша қалалық штаб құрылып, Іс-шаралар жоспары бекітілген болатын.
Тұрғын үй қорын 2014-2015 ж.ж. жылу беру маусымына дайындау жұмыстары аталған Іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізіліп келеді. Бұл бағыттағы жұмыстардың орындалуы апта сайын Штаб отырыстарында қаралуда.