02.09.2014, 09:43

Алматыда жер сілкінісі тіркелді

Сурет: massaget.kz

Бүгін Алматыда жергілікті уақыт бойынша 13 сағат 39 минут 03 секундта жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Skifnews.kz.

ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі таратқан мәліметі бойынша, жер асты дүмпуінің ошағы - Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 484 шақырым жерде, Қырғыз Республикасының аумағында, 5 шақырым тереңдікте болды.

«Зілзаланың энергетикалық класы - 11.3. Магнитудасы MPV - 4.9. Жер сілкінісінің сезілгендігі туралы мәлімет жоқ», делінген хабарламада.