04.09.2014, 09:00

Алматыда жазушы өз үйінде өртеніп кетті

Сурет: tengrinews.kz

Алматыда белгілі жазушы, журналист Эдуард Мацкевич қаза болды. Жазушы өзінің Құрманғазы көшесіндегі пәтерінде өртеніп кетті, деп хабарлайды «Қазақпарат».

Бұл туралы ақпаратты ҚР Жазушылар одағы хатшылығының меңгерушісі Қайырниса Жұмашева растады.

— Белгілі журналист 75 жасқа қараған шағында қаза болды. Өрт бүгін болған. Әзірге неден шыққаны белгісіз, — деді Қ.Жұмашева.

Эдуард Мацкевич 1939 жылы 9 қыркүйекте Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік университеті филология факультетінің журналистика бөлімін бітірген. Шығыс Қазақстан облыстық газеті редакциясында бірнеше жыл қызмет істеді. 1965 жылы «Ленинская смена» газетіне ауысып, мұнда әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі қызметін атқарды. 1967-1969 жж. «Простор» журналында істеді. 1969 жылдан бері «Известия» газетінің Қазақстан бойынша меншікті тілшісі болған.