Қазақстанның батысында Ақтөбе облысында Сирия азаматы және Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны браконьер күдігімен ұсталды деп хабарлайды «Қазақстан жаңалықтары».
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, 30 тамызда ер адамдарды ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің РҚМК «ПО «Охотзоопром» инспекторлар Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының аумағында ұстады. ««Mitsubishi Pajero» автокөлігін мінген Сирия азаматы мен Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны ұсталды. Аталған автокөлікті тексеру барысында бір ителгі және 10 кептер табылып тәркіленді», делінген хабарламада.
Осы дерек бойынша құжаттар Мұғалжар АІІБ-ге жіберілді.