05.09.2014, 07:20

Қазақстандық шекарашы курсанттар «шабуыл жасауда» (ВИДЕО)

Сурет: kaztube.kz сайтынан скриншот

Болашақ шекарашыларды дайындайтын оқу ордасында кезекті практикалық оқу-жаттығу сабағы өтті, бірінші курс курсанттары алғаш рет жаудың мұз құрсаулы техникасын жоюды үйренді, деп абарлайды Skifnews.kz.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі мәлімдегендей, Шекара академиясының оқу орталығында 1 курс курсанттары кешенді-бақылау сабақтарының аясында сауытты техникаларды қирату тәсілдерін пысықтады. Уақыт жағынан өзіндік нормативі бар тәсілдер шекарашы курсанттардың өмір бойы естерінде сақталатындығы сөзсіз.

Полигон әскери техникалардың шуылы мен оқ-дәрілердің иісіне тұнып тұр. Он бір оқу нүктесі белгіленген. Онда курсанттар окопқа секіріп, жылжып келе жатқан жаяу әскер машинасын атады, оған граната лақтырады, содан кейін өтіп бара жатқан көліктің астына тығылып, оның ту сыртынан шабуыл жасайды. Темір құрсаулы жауды жоюдың мұндай тәсілдері уақыт өткен сайын қиындай түседі. Алыстан қараған адамға осының барлығы соғыс жағдайында өтіп жатқандай әсер етеді, дегенмен бұл оқу-жаттығу сабағы, оның барысында курсанттар танкілердің, бронетранспортердің тактикалық-техникалық сипаттамасымен танысады, оларды жоюдың тиімді тәсілдерін игереді, оқу гранатасы мен оқ-дәрілерді дұрыс қолдануды пысықтайды.