Майндағы Франкфурт қаласынан Астанаға ұшып келе жатқан жолаушының жағдайы күрт нашарлауына байланысты Air Astana авиакоманиясының «Боинг 767» ұшағы Самара әуежайына қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды «Қазақпарат» Интерфакс агенттігіне сілтеме жасай отырып.
«Air Astana» авиакоманиясының «Боинг 767» ұшағы Майндағы Франкфурттен Астанаға бағыт алған. Бір жолаушының жағдайы нашарлап, Самара әуежайына қонды. Бортқа көтерілген дәрігерлер жолаушыны аман алып қала алмады», деп жазылған хабарламада.
Қайтыс болған 1948 жылы туған Германия азаматы, бұрын Қазақстанда тұрған. Ол Астанаға туысқандарына келе жатқан.
Жолаушының қаза болу себебін медициналық сараптама анықтайды.