$ 494.87  520.65  4.91

Келесі жылы Ақбұлақ пен Есіл өзенінің түбі қоқыс пен балдырлардан тазартылады

Қаланы тазалау жұмыстары күн сайын жүргізіледі. Көшелерді, аула аумақтарын жинау, көшеттерді бағып-күтуден басқа, Астана аумағындағы өзендердің жағдайын ұдайы бақылап отыру қажет. Осы мақсатта Ақбұлақ және Есіл өзендерін тазарту жұмыстары жүйелі түрде жүргізіледі.

Астана қаласының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының хабарлауынша, қазіргі кезде Ақбұлақ өзенінің Абылайхан даңғылындағы бөлігі қоқыс пен балдырлардан тазартылды. Тиісті жұмыстармен «Куштай» ЖШС айналысады.

Ведомствоның мәліметінше, Ақбұлақ өзені таяз болғандықтан балдырлар су бетіне шығады. Осыған орай 2015-2016 жылдары өзеннің түбін тереңдету бойынша жоба жүзеге асырылмақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары